Жетістік

29 қазанда Петропавл қаласында "Oxford Professional Development Seminar" атты ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинар өтті, оған "Афанасьевка ОМ" КММ ағылшын тілі мұғалімі Шаяхметова Зарина Айдархановна қатысты.

Қатысушылар сертификаттармен және сыйлық-3-сыныпқа арналған ағылшын тіліндегі оқулықтар жиынтығымен марапатталды.

2024 жылғы 8 қазанда "Октябрьская орта мектебі" КММ базасында 2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" атты республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауының аудандық кезеңі өтті. Біздің мектепті әртүрлі секцияларда 4 оқушы ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша барлық төрт қатысушы жүлделі орындарға ие болды: Волченко Александр -2 орын, жоба жетекшісі Бижигитова Ж. Б.
Васимов Вадим -2 орын, жоба жетекшісі Васимов С.Н.
Кузьминых Евгения - 3 орын, жоба жетекшісі Трегубченко К. И. Моор Ксения - 3 орын, жоба жетекшісі Шаяхметова З. А.
Оқушылар мен педагогтарды құттықтаймыз. Одан әрі табыс тілейміз.

"СҚО әкімдігінің білім басқармасы" КММ бұйрығына сәйкес "Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы" КММ Қазақстан халқы тілдері күніне арналған "Тілім менің - тірлігімнің айғағы" облыстық қашықтық фестиваль - конкурсын өткізді. “Афанасьевка орта мектебі" КММ оқушылары Герман Яна мен Доронгоф Сабрина "көркем оқу" номинациясына қатысып, 3 орынға ие болды.

 

2024 жылғы 27 қыркуйеқ оқушылардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамытуға және олардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыруға бағытталған 8-11 сынып оқушыларының "НОУ" зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Біздің мектептен 9-сынып оқушысы Әбішев Елдар қатысып, 3-орын алды-секция: химия. Жоба жетекшісі-Любимова Вера Ивановна. Құттықтаймыз және одан әрі табыстар мен жеңістер тілейміз.

2024 жылдың 20 қыркүйегінде Сергеевка қаласындағы орталық «Ақ бидай» стадионында 2007 жылы туған және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында облыстық күзгі кросс жарысы өтті.
Мақсаттары мен міндеттері:
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- жеңіл атлетиканы танымал ету;
- Облыстық біріншілікке оқушыларды іріктеу.
Шал ақын ауданындағы 22 мектептің оқушылары келіп, жүлделі орындарды сарапқа салып, бақтарын сынады. Ташенов Руслан бірінші орын алды! Руслан облыстық күзгі кросс жарыстарында ауданымыздың намысын қорғайды.

 

 

 

5-сынып оқушысы Карабасов Богдан "Зерде" Республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар байқауының облыстық кезеңінде үшінші жүлделі орынға ие болды. Бұған дейін аудандық кезеңде Богдан екінші жүлделі орынға ие болды. Жоба жетекшісі: Бижигитова Жулдыз Батыровна. Жеңісіңізбен құттықтаймыз!