Тақырыбы: Кәмелетке толмағандардың есірткі заттарының заңсыз айналымы мен қолданылуы үшін жауапкершілігі

Тақырыбы: Кәмелетке толмағандардың есірткі заттарының заңсыз айналымы мен қолданылуы үшін жауапкершілігі
Мақсаты: кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын және өз денсаулығы мен мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, заңсыз айналымның, есірткі заттарын сақтаудың, таратудың және пайдаланудың құқықтық салдарын түсіндіру, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау. 19 қарашада біздің мектепте 7-11 сыныптар үшін Шал ақын ауданының ҚББ УПИ полиция аға лейтенанты учаскелік полиция инспекторы Е.А. Ахмедьяровпен есірткі заттарын кәмелетке толмағандар арасында ҚОЛДАНУ МЕН заңсыз таратудың алдын алуға бағытталған профилактикалық әңгіме өткізілді. Білім алушыларға есірткіні қолданудың, сақтаудың, сатып алудың және таратудың құқықтық салдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Есірткі заттарының қолданылуы мен заңсыз айналымы денсаулыққа елеулі зиян келтіреді, тәуелділікке әкелуі мүмкін және заңды жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Дата публикации: 20.11.2026