Бастауыш сыныптар онкүндігі — Сауаттылық апталығы! 23 қараша күні мектебімізде бастауыш сыныптар онкүндігі басталды.

Бастауыш сыныптар онкүндігі — Сауаттылық апталығы!
23 қараша күні мектебімізде бастауыш сыныптар онкүндігі басталды.
Онкүндік аясында 1–4 сынып оқушылары арасында Сауаттылық күні ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың сауаттылығын дамыту, тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ дүниетанымын кеңейту.
Оқушылар танымдық тапсырмаларға қызығушылықпен қатысып, өз білімдерін, тапқырлықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Бастауыш сыныптар онкүндігі алдағы уақытта балаларға жаңа білім мен жарқын әсер сыйлайтын қызықты іс-шаралармен, байқаулармен және танымдық тапсырмалармен жалғасын табады!
Жас өрендерімізге сәттілік, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!

Дата публикации: 23.11.2026