2026 жылғы 21 қаңтарда «Афанасьевка орта мектебі» КММ-де ата-аналар жиналысы өткізілді.

2026 жылғы 21 қаңтарда «Афанасьевка орта мектебі» КММ-де ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналысқа мектеп әкімшілігі, ата-аналар, сондай-ақ Аналар кеңесінің төрайымы қатысты.
Ата-аналар жиналысының тақырыбы — «Тәрбие және жауапкершілік».
Іс-шара барысында балалардың бойында жауапкершілікті қалыптастыру, отбасымен мектептің бірлескен тәрбиелік жұмысы, сондай-ақ ата-ананың жеке үлгісінің маңыздылығы туралы мәселелер талқыланды.
Ата-аналардың белсенділігін арттыру мақсатында жиналыс интерактивті форматта өтті. Қатысушылар шағын көріністерге қатысып, өмірлік жағдаяттарды талқылады, сұрақтарға жауап берді, топтық жұмыстар орындап, өз пікірлерімен бөлісті. Бұл жұмыстар ата-аналар арасында ашық диалог орнатуға және тәрбие мәселелері бойынша жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.
Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналардың белсенді қатысуы мен оң пікірлері атап өтілді. Қатысушылар көтерілген тақырыптың өзектілігін айтып, мектеппен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Дата публикации: 21.01.2026