- Сенім поштасы
- Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау бойынша ңұсқаулық
- Жазғы демалыс
- Шағын-орталығы
- Қенестік пункт
- Буллинг
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
- Мектеп Парламенті
- ББЖМ
- Психолог бұрышы
- Қамқоршылық кеңес
- «Адал ұрпақ» клубы
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша анықтамалар
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саяхат
- Мемлекеттік қызметтер
- Оқу жылының басталуы туралы бұйрықтар
- Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөніндегі жадыныма
- Өзін-өзі бағалау
- Шал ақын ауданының білім беру ұйымдарында күзге-қысқы кезеңінде сабақты тоқтату туралы
- Құқық бұзушылықтың алдын алу.
- Терроризмге қарсы қауіпсіздік туралы ақпарат
«Ұстазым – тәлімгерім» челленджі
Мен, Омарова Нурсулу Жейнышевна, КММ «Афанасьевка орта мектебінің» жас педагогі, Ұстаздар күніне арналған «Ұстазым – тәлімгерім» челленджіне қатысамын.
Ұстаздар мерекесі қарсаңында өзімнің тәлімгерім, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Бижигитова Жулдыз Батыровна шын жүрегімнен алғысымды білдіргім келеді.
Құрметті Жулдыз Батыровна!
Сізге көрсетіп жүрген қолдауыңыз, берген ақыл-кеңестеріңіз, сабырлылығыңыз бен әрдайым көңіл бөліп, қолдау көрсететініңіз үшін шын жүрегімнен алғыс айтамын.
Дәл Сіздің менің тәлімгерім болғаныңызға өте қуаныштымын. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе әрі баға жетпес тәжірибе. Сіздің қолдауыңыз бен бағыт-бағдарыңыздың арқасында өзіме деген сенімім артып, кездескен қиындықтарды еңсеруді, әр балаға дұрыс жол табуды және өз мамандығымды сүйіспеншілікпен атқаруды үйреніп келемін.
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен бақыт, жан дүниеңізге жылулық, шәкірттеріңіздің алғысы мен еңбегіңіздің жемісін көруді тілеймін!
Ұлағатты еңбегіңізге толағай табыстар тілеймін. Әр күніңіз қуанышқа, шабытқа және шәкірттеріңіздің жетістіктеріне деген мақтанышқа толы болсын!
Ұстаздық жолыңыз әрдайым абырой мен құрметке бөлене берсін!
