«Әжелер мен аталарды құттықтаймыз» акциясы Қарттар күні қарсаңында КММ «Афанасьевка орта мектебінде» «Әжелер мен аталарды құттықтаймыз» атты жүрекке жылу сыйлайтын игі акция өтті.

«Әжелер мен аталарды құттықтаймыз» акциясы Қарттар күні қарсаңында КММ «Афанасьевка орта мектебінде» «Әжелер мен аталарды құттықтаймыз» атты жүрекке жылу сыйлайтын игі акция өтті.
Мектеп оқушылары өздерінің сүйікті әжелері мен аталарына арнап жылы лебіздері мен ақ тілектерін дайындап, оларға деген алғыстарын, сүйіспеншіліктері мен құрметтерін білдірді. Оқушылар аға буын өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық жылулық, бақыт пен көтеріңкі көңіл-күй тіледі.
Осындай іс-шаралар оқушылардың аға буынға деген құрметін арттырып, жақын жандарына қамқорлық жасауға, алғыс білдіруге және мейірімді болуға тәрбиелейді.

Дата публикации: 30.09.2026